From Wikipedia, the free encyclopedia
Аршалы ауданы – Ақмола облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 5,8 мың км². Аудан орталығы – Аршалы кенті.
Қазақстан ауданы | |
Аршалы ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
12 |
Кенттік әкімдіктер саны |
1 |
Ауыл саны |
32 |
Әкімі |
Мұрат Сағатұлы Балпан |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Аршалы кенті, Тәшенов көшесі, №47 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
51°02′58″ с. е. 73°03′58″ ш. б.51.04944° с. е. 73.06611° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1928 |
Жер аумағы |
5,8 мың км² |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
24 920[1] адам (2023) |
Тығыздығы |
4,3 адам/км² |
Ұлттық құрамы |
қазақтар (41,55%), орыстар (40,63%), немістер (4,99%), украиндар (4,87%), беларустар (1,68%), татарлар (1,52%), басқалары (4,76%)[2] |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі |
020200-020214[3] |
Автомобиль коды |
03 |
Аудан 1928 жылы құрылған. 1939 жылдың қазан айына дейін Қарағанды облысының құрамында болды. 1928 жылы "Коммунист", 1935 жылы "Вишневка" ауданы болып аталды. 1997 жылдан Аршалы ауданы деп аталады.
Батысында Целиноград ауданымен және Астана қаласымен, шығысында Ерейментау ауданымен, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында Қарағанды облысының Нұра және Осакаров аудандарымен шектеседі.
Аудан Сарыарқаның орта тұсында, құрғақ дала белдемінде орналасқан. Жер бедері абсолюттік биіктігі 600 м аспайтын төбелі-белесті жазық болып келеді. Шығыс жағын Ерейментаудың ұсақ шоқылы оңтүстік сілемдері алып жатыр. Жуантөбе (498 м), Тастөбе (432 м), Түйетөбе (464 м) сияқты төбелер бар.
Климаты тым континенттік, қысы суық, ұзақ. Жазы қоңыржай ыстық. Орташа температурасы қаңтарда –17°С, шілдеде 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 – 350 мм.
Аудан жерінен Есіл өзені және оның салалары Мойылды, Шортанды, Ақтасты, Беріктал, Жыланды, Сүгір және Қызылмола, Өлеңті өзендері ағады. Олардың біразы жазда құрғап, қарасуға айналып бөлініп қалады. Ірілі-ұсақты тұщы әрі тұзды көлдер көп. Үлкендері: Үлкен және Кіші Сарыоба, Балықтыкөл, Танакөл, Байдалы, Шалқар, Қызылкөл, т.б.
Аудан жерінде негізінен сортаң қара қоңыр топырақ тараған. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары олардың көбі жыртылған. Құрғақ дала белдеміне тән селеу, бетеге, сұлыбас, кермек, жусан, т.б. өсімдіктер, өзен жайылмаларында, көл жағаларында әр түрлі шөпті шалғындар, шоқы беткейлерінде қайың, көктерек, итмұрын, тобылғы, ұшқат және басқа бұталар өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, борсық, ақ қоян, суыр, ақ тышқан, сарышұнақ, қосаяқ; сулы жерлерде ондатр; қамысты жерінде жабайы шошқа; құстардан шіл, құр, тырна, қаз, үйрек, балықшы, шағала, т.б. мекендейді. Көлдерде алабұға, мөңке, оңғақ, торта, шортан, ақ қайран өседі. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жері 538,9 мың га, оның 201,8 мың га-сы егістік, 6,5 мың га-сы шабындық, 300,0 мың га-сы жайылымдық жерлер. Аудан жері арқылы Астана – Қарағанды, Астана – Павлодар темір жол, Астана – Қарағанды автомобиль жолдары өтеді.
12 ауылдық округ пен 1 кенттік әкімдікте 32 елді мекен бар:
Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ақбұлақ ауылдық округі | 1067 | ▼858 | 80,4 | 523 | ▼417 | 79,7 | 544 | ▼441 | 81,1 |
Анар ауылдық округі | 1537 | ▼1085 | 70,6 | 725 | ▼533 | 73,5 | 812 | ▼552 | 68 |
Арнасай ауылдық округі | 1430 | ▼978 | 68,4 | 731 | ▼534 | 73,1 | 699 | ▼444 | 63,5 |
Аршалы кенттік әкімдігі | 7051 | ▲7888 | 111,9 | 3395 | ▲4085 | 120,3 | 3656 | ▲3803 | 104 |
Бұлақсай ауылдық округі | 1469 | ▼1026 | 69,8 | 726 | ▼523 | 72 | 743 | ▼503 | 67,7 |
Бірсуат ауылдық округі | 901 | ▼618 | 68,6 | 459 | ▼317 | 69,1 | 442 | ▼301 | 68,1 |
Елтоқ ауылдық округі | 1557 | ▼1130 | 72,6 | 790 | ▼591 | 74,8 | 767 | ▼539 | 70,3 |
Жібек жолы ауылдық округі | 4627 | ▼4523 | 97,8 | 2287 | ▼2315 | 101,2 | 2340 | ▼2208 | 94,4 |
Ижевск ауылдық округі | 1962 | ▼1682 | 85,7 | 944 | ▼819 | 86,8 | 1018 | ▼863 | 84,8 |
Константинов ауылдық округі | 2011 | ▼1442 | 71,7 | 995 | ▼727 | 73,1 | 1016 | ▼715 | 70,4 |
Михайлов ауылдық округі | 1850 | ▼1553 | 83,9 | 901 | ▼779 | 86,5 | 949 | ▼774 | 81,6 |
Сарыоба ауылдық округі | 1469 | ▼911 | 62 | 730 | ▼440 | 60,3 | 739 | ▼471 | 63,7 |
Түрген ауылдық округі | 1009 | ▼879 | 87,1 | 493 | ▼438 | 88,8 | 516 | ▼441 | 85,5 |
ЖАЛПЫ САНЫ | 27940 | ▼24573 | 87,9 | 13699 | ▼12518 | 91,4 | 14241 | ▼12055 | 84,6 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.